Ақтаудағы онкоорталық маңынан ер адамның мәйіті табылды

Ақтауда №1 шағын ауданындағы онкологиялық орталық пен аялдама маңынан ер адамның мәйіті табылды. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы Lada.kz сайты хабарлады. Куәгерлердің айтуынша, ер адамның денесі онкоорталықтың жанында, аялдама маңында жатқан. Оқиға таңертең болған.

Жергілікті тұрғындар бірден полиция мен жедел жәрдем қызметіне хабар берген.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті марқұмның көшеде кенеттен қайтыс болғанын хабарлады.

«Ер адам көз жұмды. Ол бейімдеу орталығында тұрған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, өлім себебі анықталып жатыр», – делінген ПД хабарламасында.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, аталған факт бойынша тергеу амалдары басталды.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе» жанкүйерлері Нани мен Love Айканың суретін өшіруді талап етті

Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

Блогер Жанабыловтар 7 жылға сотталуы мүмкін

Астанада лауазымды тұлғаның қателігінен педагогтер әлеуметтік аударымнан қағылған