27 октября 2025 г. 10:29

Ақтаудағы көпқабатты үй тұрғындары бес ай бойы сусыз отыр

Фото: pixabay.com
Ақтаудың 9-шы шағын ауданындағы №17 тоғыз қабатты үйдің жоғарғы қабаттарында бес айдан бері су жоқ. 

Алматы, NEGE. Мәселе маусым айында басталған: сол кезде су айдайтын сорғы жанып кеткен. Содан бері тұрғындар суды шелектеп тасып, тұрмыстың ең қарапайым жағдайынсыз өмір сүріп келеді, 

Lada.kz мәліметінше, тұрғындар бірнеше рет үйді күтімге алған «Татьяна» қызмет көрсету кооперативінің төрағасына жүгінген. Алайда ол «ақша жоқ» деп, сорғыны өз есебінен сатып алуды ұсынған. Айта кетейік, кооперативтің кеңсесі дәл осы үйдің ішінде орналасқан, ал тұрғындардың айтуынша, сол жерде су бар.

63 пәтердің тек 19-ы ақша жинаған. Қазір 370 мың теңге жиналып отыр — бұл жаңа сорғы сатып алуға жеткілікті сома. Бірақ кейбір тұрғындар 800 мың теңгеге қымбат нұсқасын алуды талап етіп, дау туындаған.

Тұрғындардың айтуынша, олар әкімдікке де, прокуратураға да, «Каспий жылу, су арнасы» коммуналдық кәсіпорнына да бірнеше рет шағым түсірген. Бірақ әр жолы тек ресми жауап хат алған.

– Ешкім төрағаға әсер ете алмай отыр. Ол мүлде әрекетсіз. Тіпті подъездегі шам да ауыстырылмайды, – дейді тұрғындар.

Тегтер: