15 ноября 2023 г. 14:23

Ақтауда жол ережесін бұзған блогер жауапқа тартылды

Фото:

Ақтауда блогер жол ережесін бұзған. Ол жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады облыстық полиция.

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Lexus NX200 автокөлігінде жасалған құқық бұзушылық туралы бейнеролик жарияланды.

Белгілі болғандай, жүргізуші көлік құралын қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде басқарған. Сондай-ақ, автокөлік салонында балаларға арналған арнайы орындық қарастырылмағандығы анықталды.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен 27 жастағы азаматшаның жеке басы анықталды.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 593-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 

Тегтер: