Ақтауда жоғалған сарбаз табылды

Ақтауда патрульдік бағыттан қашып кеткен сарбаз табылды, - деп хабарлайды inAktau басылымы.

Алматы, NEGE. Басылым мәліметінше, 18 жастағы Бағлан Әділбеков 17 мамырда таңертең табылған. Бұл туралы басылым сенімді дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады. 

Сарбаз 14-шағынаудандағы жағалауда жүрген, ол әскери формада болған. Өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ. 

Еске салайық, 16 мамырда Ақтауда әскерге шақырылған сарбаз қашып кеткені хабарланған болатын.