Ақтауда жылқылар қоқыс контейнерлерін жағалап жүр

Ақтау қаласында жылқылар қоқыс тастайтын контейнерлерден азық іздеп жүр, деп хабарлайды Lada.kz.

Алматы, NEGE. Рафаэль есімді жергілікті тұрғынның айтуынша, бүгін, 22 тамыз күнгі таңнан бері ол жылқыларды 6-шы шағынауданнан көрген.

«Аш жануарлардың бұталардың жапырақтарын жеуі бір, қоқыс контейнерлерінен азық іздеу масқара ғой. Иелерінің малды өз бетімен жібергені ме?», - деді ол.

Еске сала кетсек, тамыздың басында қала тұрғындары жылқы малының қалада көптеп жүруін видеоға түсерген. Жануарлар «Ақбота» саябағында, 8-ші шағынаудандағы №14 үйдің артында және 6-шы шағынаудандағы №21 үйдің қасында өскен ағаш бұталарын жұлып жеп жүрді.

Тағы бір аптадан кейін қараусыз жүрген малдың жағалау маңында жүргені байқалған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді