Ақтауда жеңіл көлік өртенді
Ақтауда мерседес маркалы жеңіл автокөлігінің толықтай жанып кетті. Оқиға 32 б шағынауданы 16/3 құрылысы бітпеген ғимарат аумағында болған.
Алматы, NEGE. Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Жану салдарынан ғимараттың жаны ысталғаны анықталды.
– Өртті жоюға 2 өрт сөндіру техникасы, 8 қызметкер жұмылдырылды. Өрт 20 сағат 16 минутта сөндірілді. Өрттің шығу себебін Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының кезекші анықтаушысы анықтауда, - делінген хабарламада.