Ақтауда жатақхана қирап, үш адам қайтыс болды

Ақтау қаласында сотталғандарға арналған жатақхана құлады.

Алматы,  NEGE.  11 сотталушы зардап шегіп, оның үшеуі көз жұмды.

«Бүгінде олардың төртеуі медициналық тексеруден кейін мекемеге қайтарылды және олардың жағдайы жақсы. Қазіргі таңда, көз жұмған сотталғандардың жақын туыстарымен байланыс орнатылып, қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Зардап шеккендердің біреуі ауыр хәлде, үшеуі орташа деңгейде түрлі жарақат алған»,- делінген ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған фактіден кейін Маңғыстау облысының Полиция департаменті ҚР ҚК 278-бабының 3 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастағады.

Сондай-ақ, арнайы комиссия ҚАЖ мекемесінің аумағындағы барлық ғимараттарға техникалық тексеру жүргізуде. Жағдай ІІМ басшылығының ерекше бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?