Ақтауда үш жасар баласын өлтіріп алған келіншек сотталды

20 жастағы келіншек кішкентай қызына өмірге сәйкес келмейтін дене жарақаттарын салған. Ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл туралы Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 10 маусымда қалалық сотта абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыруда жәбірленуші денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деп айыпталған сотталушы И-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. (ҚК-нің 106 бап, 3-тармақ). Сотта анасының ұртоқпағынан кейін балада гематома пайда болғандығы анықталды. Өлім қарынға келген жарақат салдарынан іштей қан кетуден орын алған. Азамат И. ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сот оған орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 8 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындады, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.