Ақтауда тұрғын үйлердің нөмірін жарықтандыру басталды

Алғашқы жарықтандыру 30 шағынауданда орналасқан нөмірі 30-шы үйден басталды.

Алматы, NEGE. Мамаевтар отбасы бұл үйде 2007 жылдан бері тұрады. Қасиетті шаңырақта 4 егіз дүниеге келген. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тартуды көпбалалы отбасы қуанышпен қарсы алды.

«Мен үшін бүгін қуанышты күн. Елімізде Тәуелсіздікке орай керемет шаралар ұйымдастырылып жатыр. Осыған орай, біз жанұямызбен Ақтаудағы осы 30 шағынаудандағы 30 үйдің тұрғыны болғанымызды мақтаныш тұтамыз. Бүгін үйімде 30 саны жарқырады. Күніміз ешқашан сөнбесін. Еліміз, жұртымыз аман болсын. Қаламыз көркейе берсін»,- дейді отанасы Сарсенбибі Құрманбаева.

Жарықтандыру жұмыстары кәсіпкерлердің демеушілігімен жасалуда.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті