4 июля 2023 г. 11:57

Ақтауда су арнасынан жас қыздың денесі табылды (видео)

Фото:

Ақтауда 2 шілдеде балықшы су арнасынан Валерия Шальнованың мәйітін тауып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде мәйітті тапқан куәгер жариялаған видео тарады. Видео авторының айтуынша, ол таңертең арнаға балық аулауға келген. Ол әуелі қыздың киімін байқаған, кейін су түбінде жатқан мәйітті көріп, оны видеоға түсіріп алған.

Полиция видеоға түсініктеме берді.

"2 шілде күні сағат 08:00 шамасында 102 кезекшісінің пультіне Ақтау қаласындағы көпірден алыс емес жерде су жинайтын каналдың түбінде адам мәйіті жатқаны туралы мәлімет келіп түсті", – делінген хабарламада.

Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді.

Inaktau.kz басылымының жазуынша, марқұм Валерия Шальнованың туыстарының пайымынша, қызды біреу өлтіріп, суға өзі батып кеткендей етіп көрсетпекші болған. Қылмыстың себебі қызғаныш болуы мүмкін. Қыздың жігіті оған жиі қол көтерген екен.

Тегтер: