3 октября 2022 г. 13:30
Ақтауда Ресей азаматын тонағандар құрықталды
Бұған дейін әлеуметтік желіде Ақтау орталығында Ресей азаматының тұрып жатқан пәтерін тонап кеткені хабарланған болатын.
Жергілікті полиция болған оқиғаның жай-жапсарын хабарлады.
Алматы, NEGE. Маңғыстау облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қазанда Ақтау қалалық ІІБ-не 23 жастағы Ресей азаматы 11-шағын ауданда өзінен 200 еуро ұрлап кеткен екі адамды ұстауды сұрап арызданған.
Қылмыс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігім "Тонау" бойынша Ақтау қаласы полициясына тіркелді. Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 26 және 31 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.