Ақтауда өртенген үйден бала құтқарылды
Ақтауда өртеніп жатқан үйден 6 жасар бала құтқарылды.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті. Оқиға 10 наурызда сағат 23:06 шамасынла Ақтау қаласының 11-шағын ауданындағы 19-үйдің 7-қабатында болған.
"Оқиға орнына жеткеннен кейін, пәтердің жатын бөлмесінеде жиһаздың (кроват) жануы анықталды. Қалған бөлмелер толықтай ысталған. Пәтердің жалпы ауданы – 50 шаршы метр, жану ауданы – 15 шаршы метр. Құтқарушылар аталған пәтерден 2017 жылғы кішкентай баланы қауіпсіз жерге шығарды» делінген баспасөз мәліметінде.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.