Ақтауда орталық алаңдағы бас шырша құлады

Қатты желдің салдарынан Ақтау қаласының бас алаңындағы шырша құлады.

Алматы, NEGE. Ақтау қаласы әкімдігінің хабарлауынша, бейсенбі күні түнде Ақтау қаласында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетті. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері шыршаны жинау жұмыстарын бастайды.