8 февраля 2023 г. 14:48

Ақтауда көлікпен патрульдік полициядан қашқан мектеп оқушысы ұсталды (видео)

Фото:

7 ақпан таңғы уақытта 30 және 19-шы шағын аудандар аралығында жол ережелерін сақтамай келе жатқан Toyota Pradо автокөлігі назарға ілінді, деп хабарлады Полиция. 

Алматы, NEGE. Жүргізуші полицейлердің көлікті тоқтату туралы заңды талаптарына бағынбай, жауапкершіліктен жалтару мақсатында қашуға әрекеттенген. Көлік көп ұзамай полицияның қосымша күштерінің көмегімен 30-шы шағын ауданда тоқтатылды.

Тексеру барысында жүргізуші 13 жастағы жасөспірім екені анықталды. Патрульдік полиция қызметкерлері оны кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторларға тапсырып, заңды өкіліне ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасақтады.

Автокөлік айыптұраққа жабылды.

Тегтер: