Ақтауда Қасым мен Жомарт есімді егіз тұрады
«Хабар 24» жазды.
Алматы, NEGE. Олар 2009 жылы дүниеге келген. Білімге зерек егіздер №11 мамандандырылған физика-математикалық лицейдің 8-сыныбында оқиды. Қазақ, орыс және ағылшын тілінде еркін сөйлейді екен. Екеуі де болашақта дипломат болуды армандайды. Қазір сүйікті пәндері - математика және көркем әдебиет. Сабақтан бос уақытында бокс үйірмесіне барады. Ұстаздарының айтуынша, оқуға зерек егіздер түрлі білім сайысына қатысып, жүлделі орындар алған.
"Менің бауырым Жомарттың айтуынша, біздің арманымыз бір. Біз өскенде саясаткер болғымыз келеді. Сол арманымызға жету үшін, әрине, көп оқуымыз керек. Арманымызға жетеміз деген ойдамын", - дейді Қасым.
Қос ұлға Қасым және Жомарт деген есімді президент Тоқаев сияқты саясаткер болсын деген тілекпен Түркістандағы әжесі қойыпты.