Ақтауда банкке пышақпен кірген ер адамның видеосы тарады

Ақтауда ер адам банкке келушілерді пышақпен қорқытқан.

Алматы, NEGE. Ақтау Полиция басқармасы мәліметінше, оқиға 16 қаңтарда болған. Белгісіз ер адам ішкілік ішкен күйде 31А шағынауданы №14 мекенжайындағы "Халық банк" бөлімшесінде тұрған адамдарға пышақ көрсетіп, қарақшылық шабуыл жасағаны анықталған.

"Жедел іздестіру нәтижесінде Ақтау қаласы ПБ қызметкерлерімен 43 жастағы ер адам қолға түсіп, қамауға алынды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Екі адамның жұмысын істейді: алаяқтар тегін хабарландыру сайттарында қалай әрекет етеді

Халықтың рубльге деген сұранысы күрт өсті

Қызылшаға қарсы екпе алғандар да ауырып жатыр: елде 6 мыңға жуық жағдай тіркелді

Желтоқсан қатысушыларын балағаттаған алматылық әйелге қатысты іс қозғалды