28 октября 2025 г. 14:31

Ақтауда тұрғын үйде газ жарылып, 5 адам зардап шекті

Фото: ТЖМ

Ақтауда «Асия» тұрғын үй кешенінде орналасқан сервис орталығында газ жарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаменті. 

Алматы, NEGE. 2025 жылғы 28 қазан күні 32в шағын ауданында орналасқан «Асия» тұрғын үй кешенінің жертөле қабатындағы сервис орталығында газ-ауа қоспасының жарылысы орын алды.

Оқиға орнына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 15 қызметкері мен 5 техникасы, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем бригадасы дереу жетті.

Құтқарушылар келген кезде газ-ауа қоспасының жарылысы мен одан кейінгі жану фактісі анықталды. Өрт толық сөндірілді, оқиғаның себептері анықталуда.Жарылыс толқынының әсерінен жертөле және бірінші қабаттағы пәтерлердің терезе конструкциялары, көрші құрылыс алаңының шамамен 10 метрлік тас дуалы және бірнеше автокөлік зақымданды.

Оқиға салдарынан 5 адам зардап шекті, олардың барлығы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді