Ақтауда тегін балмұздаққа таласқан жұрттың арасында балалар жоғалған

Ақтауда Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара кезінде тегін балмұздақ пен тәтті мақта тарату сәтінде көпшілік жиналып, дүрбелең туындады.

видеодан скриншот

Алматы, NEGE. Іс-шараны ұйымдастырған жергілікті кәсіпкер балаларға қуаныш сыйламақ болғанымен, қауіпсіздік сақталмай, қаптаған адамнан бірнеше бала адасып кеткен.

Instagram желісіндегі 112_aktau парақшасында жарияланған видеодан көрініп тұрғандай, адамдар тым көп жиналған. Полиция оқиға орнында қоғамдық тәртіпті бақылауға алып, жоғалған балаларды іздеуге кіріскен. Іс-шара кезінде батуттар, сыйлықтар мен тәттілер ұсынылған.

«Балаларға арналған іс-шарада мұндай жағдай болмауы керек. Қауіпсіздік бірінші орында болуға тиіс», – деп жазды желі қолданушылары.

Lada.kz сайтының ақпаратына сүйенсек, көпшіліктің арасында бірнеше бала туыстарынан адасып қалған. Абырой болғанда, ешқандай қайғылы жағдай тіркелмеген.

Мұндай оқиғалар қоғамдық іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті ұйымдастырудың маңызынтағы бір мәрте көрсетті. Балалармен өтетін шаралар кезінде:

Қауіпсіздік қызметі күшейтілуі тиіс;

Ата-аналар мен еріктілердің көмегі қажет;

Аумақ нақты шектеліп, балаларға арналған бөлек алаңдар бөлінуі қажет.

Қазір оқып жатыр

Бюджеттен миллиардтар бөлінген «Тұран» клубын бар болғаны 737 мың теңгеге сатпақ

Temu жарнамасы Австрияда жосықсыз деп танылды

Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған

ҰҚК: Астанада және бірнеше қалада «автоЦОН» басшылары 100 млн теңге пара алған