Ақтауда полицейлер өрттен әйелді құтқарып қалды

17 мамыр күні түнгі сағат 00:40 шамасында Ақтау қаласындағы пәтерлердің бірінен өрт шыққаны туралыжедел басқару орталығына хабар түсті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE. Оқиға орнына дереу жеткен полиция капитаны Мұрат Оразбай мен лейтенант Самат Бекниязов пәтер есігінің ішінен құлыптаулы екенін анықтайды. Жағдайды шұғыл бағамдаған тәртіп сақшылары кілтті есік маңынан тауып, ішке кірген.

Пәтер ішінде әлсіз күйде жатқан әйелді байқап, дереу жедел жәрдем қызметін шақырған.
Медицина қызметкерлері келгенге дейін полицейлер әйелге алғашқы көмек көрсетіп, оны қауіпсіз жерге эвакуациялаған.

Құтқарылған әйел адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша тиісті тексерулер жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді