Ақтауда полицей қызметтік көлікпен 1,5 жасар баланы қағып кетті

Қайғылы жағдай 13 мамыр күні 27 шағын ауданда болған – бала оқиға орнында көз жұмған.

lada.kz

Астана, NEGE. Қызметтік көліктің рөлінде полиция қызметкері болған, деп жазады Lada.kz.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

«Маңғыстау облыстық полиция департаменті қаза тапқан баланың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», – делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар полиция департаменті басшылығы бұл оқиғаны ерекше бақылауға алғаны айтылды.

Қазір оқып жатыр

Режеп Тайип Ердоған «Қожа Ахмет Ясауи» орденінің тұңғыш иегері атанды

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинаны енді 18 жасқа дейінгі қыздар да тегін салдыра алады

«Бәріне төрешілер кінәлі емес»: футбол арбитрлері кәсіподақ ашуды қолға алды

Сот Қуандық Бишімбаевтың туысының кассациялық шағымын өзгеріссіз қалдырды