Ақтауда ерлі-зайыпты интим қызмет көрсететін адамды бопсалап, 3 млн теңге талап еткен

Маңғыстау облысында ерлі-зайыпты бопсалау дерегі бойынша сотталды. Олар өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, интим қызмет көрсететін адамның клиенттері туралы мәліметтерді иемденген.

magnific.com

Астана, NEGE. Соттың анықтауынша, ерлі-зайыпты қорқыту арқылы жәбірленушіден 3 млн теңге талап еткен.

2026 жылғы 25 қыркүйектегі сот үкімімен олар Қылмыстық кодекстің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша кінәлі деп танылды.

Сот ерлі-зайыптының біріне 4 жыл 6 айға, ал екіншісіне 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда екіншісінің жазаны өтеу мерзімі бір жылға кейінге қалдырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Маңғыстау облысының прокуратурасы қорқыту немесе ақша талап ету жағдайларында дереу полицияға «102» нөмірі арқылы хабарласуға шақырады.