Ақтауда ер адам өзіне пышақ сұғып, төртінші қабаттан секіріп кетті

Оқиға қаладағы 28 А шағынаудан 4-үйде болған.

Видео-скрин

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адам өзіне пышақ сұғып, «Мен істеген жоқпын ондай қылмысты» деп терезеден секіріп кетті.

Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қылмыстық кодекстің «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

— Оқиғаның бүкіл мән-жайы анықталады. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді, — деп жазылған хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді

Теңіз кен орнында тағы бір апатты жағдай болды

Михаил Шайдоров: «Ел алдында атымды қаралауға жол бере алмаймын»