Ақтауда бұрынғы сүйіктісін ұрып-соққан ер адам қамалды

Маңғыстау облысы полиция департаменті Ақтауда көшеде бұрынғы қызын ұрып-соққан ер адам ұсталғанын хабарлады. 

Полиция

Алматы, NEGE. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

– Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр. Ал тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Тергеушілер қылмыстың мән-жайларын анықтап, қосымша құқық бұзушылықтарды тексеріп жатыр, – делінген хабарламада.

Естеріңізде болса, бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның қызды аяусыз ұрған видеосы тараған болатын. Бейнежазбада ер адам қызды бетінен ұрып, жерге құлатады. Ұрып-соғу мұнымен тоқтамай, сәлден кейін қайта жалғасқан. Кейін жәбірленуші әлеуметтік желіде жігіттің бұған дейін де оған қол көтергенін жазған еді. 

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті