Ақтаудағы айлақта бірнеше ер адам төбелес шығарды
Ақтаудағы айлақтардың бірінде бірнеше ер адамның арасында жаппай төбелес шықты. Полиция қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Астана, NEGE. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, ер адамдар арасындағы жанжал сөзге келуден басталып, соңы төбелеске ұласқан. Полицейлер төбелеске қатысқандардың барлығын ұстап, Ақтау қалалық полиция басқармасына жеткізді.
«Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – делінген хабарламада.
Жанжалға қатысушылар медициналық көмекке жүгінбеген.