Ақтауда әскери қызметші қаза тапты

Ақтау қаласында әскери қызметші өз үйінде асылып тұрған жерінде табылды.

Фото: ғаламтордан

Астана, NEGE. Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі жағдайға қатысты түсінік берді. 

39 жастағы ер адам Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша қызмет еткен.

– Үстіміздегі жылдың 28-қыркүйегінде Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша қызмет ететін, 1985 жылы туған әскери қызметшінің денесі өзі тұрып жатқан пәтерінен табылды. Әскери қызметші бір жылға жуық уақыт декреттік демалыста болған, – делінген хабарламада. 

Алдын-ала ақпарат бойынша әскери қызметшінің өзіне-өзі қол жұмсауына отбасылық-тұрмыстық жанжал негіз болған. Оқиғаның себептері анықталуда. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды.