Ақтаудағы ұшақ апатына ұшыраған 20 жастағы жолаушы есін жиды

Қырғызстандық Ринат Асанов  ұшақ апатынан ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатыр.

Видеодан алынған скриншот

Алматы, NEGE. 28 желтоқсан күні Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен Қырғызстан азаматтарына көмек көрсету үшін Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары, медицина қызметкерлері және Ринат Асановтың туыстары Қазақстанға келді.

Жұмыс Қазақстан мен Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрліктерімен тығыз үйлестіріліп жүргізілуде. Зардап шеккендерді эвакуациялау мәселесі бойынша дәрігерлер кеңес өткізді.

Медицина қызметкерлерінің мәліметінше, науқастың жағдайы тұрақты, бірақ олар әлі де медициналық бақылауда болуы қажет.

«Іс-шаралар Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың жеке бақылауында. Жаңа жылға дейін зардап шеккен азаматтарды елге жеткізу және қажетті көмек көрсету үшін бар күш жұмсалады», – деп мәлімдеді Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр