Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ элементтері арнайы ангарда жиналады

Апат себебін анықтайтын көлік министрлігіне қарасты комиссияны Марат Қарабаев басқарады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Комиссия оқиға орнына толық құраммен бірге барады. Сондай-ақ апатқа ұшыраған ұшақ элементтері жиналатын арнайы ангарды қарайды. Оның элементтерін жинайтын күн бірлесе бекітіледі. 

Еске сала кетейік, 25 желтоқсан күні Ақтау маңында «Azerbaijan Airlines» әуекомпаниясының ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақта барлығы 67 адам болған, оның ішінде бесі – экипаж мүшелері. Апат салдарынан 38 жолаушы қаза тапты.

Өкінішке қарай, қаза тапқандардың арасында алты Қазақстан азаматы бар.



Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды