Ақтауда 7 жасар қыздың саусағын эскалатор кесіп кетті

Сауда орталығында жарақат алған 7 жастағы қыз Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Оқыс оқиға 1 наурызда болған. Қыз сауда үйіндегі эскалаторда саусағынан айырылған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қыздың қазіргі жағдайы туралы түсініктеме берді.

«Жеті жастағы қыз жаратқат алып, Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына түсті. Бала саусағының жартысынан айырылған. Дәрігерлер оны сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Қызға қажет медициналық көмек көрсетілді. Науқас оңалту курсын өтіп жатыр. Қандай да бір болжам жасауға әлі ерте», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Полиция отбасылық жанжалға байланысты Рахат Тұрлыхановтың үстінен іс қозғады

TikTok-әкім таксилетіп жан бағып жүр

Brent мұнайының баррелі 103,91 долларға дейін өсті

Қазақстандықтардың 87,15 пайызы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді