Ақтауда 15 жастағы қыз бес күннен бері табылмай жатыр

Ол 15 қазан сағат 08:00 шамасында ол Ақтау қаласындағы политехникалық колледжге кетіп, содан оралмаған.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Еріктілердің айтуынша, 15 жастағы Нұрсая Құралбаева Мұнайлы ауданындағы Бірлік көшесіндегі жеке үйде тұрады.

Ол орта денелі, шашы ашық-қара ұзын, бойы шамамен 165-170 сантиметр.

Үстінде қара күртеше, қара шалбар, ақ жолағы бар қара кроссовка болған.