Ақтау тұрғыны оқушы ұлының зорланғанын айтты
Ақтау қаласының тұрғыны өз баласына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деп шағымданды. Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр.
Алматы, NEGE. Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында Ақтау қаласы Полиция басқармасына өзінің жасөспірім баласына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деп күдіктенген 35 жастағы азаматша жазбаша арызбен жүгінді.
Бұл дерек ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігі бойынша Ақтау қаласы СДТБТ-де тіркелді.
Барлық мән-жайларды анықтау үшін қажетті іс-шаралар өткізілуде. Сондай-ақ сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.