Ақтау көшесінде жүрген арыстан ұсталды

102 пультіне Ақшүкір кентінде емін-еркін жүрген арыстан туралы хабар келіп түскен. Жыртқыш аңды инспекторлар ұстап алды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Кезекші пультіне Ақшүкір кентінде арыстанның емін-еркін жүргені туралы ақпарат шамамен 05:30-да келіп түскен.

«Полиция департаментінің басшылығы, полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері келіп түскен шақыртуға дереу шықты. Арыстан ұсталды. Ол аман. Қазіргі уақытта жануардың қайдан шыққаны анықталуда», - деп хабарлады өңірдің полиция департаменті.

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстан азаматын атып кетті

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі