Ақтау базарын өртеніп кетті

22-ші шағын ауданда орналасқан "Масат" базарында алапат өрт болды. Отты сөндіруге жүзден аса адам жұмылды, - деп хабарлайды inAktau.

Алматы, NEGE. Маңғыстау облысы ТЖД ақпараты бойынша, базардағы өрт туралы дабыл 27 қыркүйекте сағат 6.55-те түскен. Екі сауда қатары отқа жабылды, 17 сауда нүктесі мен 14 контейнер және жалпы ауданы 750 шаршы метр шатыр астындағы 60 орын өртенді.

"Өрт сағат 9.16-да ауыздықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД-нің 68 қызметкері және 13 техника, мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметтерінен 10 адам және 2 техника, медицина және апаттар орталығынан 3 қызметкер және 1 техника, 54 полицей және 25 техника жұмылды", - деді Маңғыстау облысы ТЖД басшысының орынбасары, подполковник Бекболат Әбдіқадыров.

Өрт 10.27-де сөндірілді.

Өрттің шығу себебі анықталады. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты