Ақтау әуежайындағы жолаушылар сыртқа шығарылды – рейстер кешігіп жатыр

Эвакуация туралы ақпаратты ІІМ көліктегі полиция департаменті растады.

 Алматы, NEGE. Куәгерлер Sputnik Қазақстанға Ақтау әуежайындағы адамдар эвакуацияланғанын хабарлады. Жолаушылар Ақтаудан Алматыға сағат 13.40-та ұшуға тиіс болған. Бірақ адамдар эвакуацияланды. Қазіргі уақытта жолаушылар далада тұр.

Көліктегі полиция департаменті ақпаратты растап, тексеріс жүріп жатқанын жеткізді.