Ақтау мен Атырауға рейстер кешігіп жатыр

Air Astana әуекомпаниялар тобы Ақтау және Атырау қалаларына қатынайтын бірқатар рейстердің кешігіп жатқанын хабарлады.

airastana.com

Астана, NEGE. Компания мәліметінше, бұған ауа райының қолайсыздығы және Ақтау мен Атырау бағытындағы ұшақтарға мұзға қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізудің мүмкін болмауы себеп болған.

Әуекомпания жолаушыларға әуежайға жолға шықпас бұрын рейстің қазіргі жағдайын тексеруге кеңес береді.

Ақпаратты Air Astana компаниясының ресми сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты