Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен Қырғызстан азаматтары еліне оралды

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтау қаласының әкімдігі

Алматы, NEGE. 29 желтоқсан күні Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандық үш азамат – Осмонов Тилек, Эрлан Джунушуалиев және күні кеше жансақтау бөлімінен шыққан Асанов Ринат Ақтауға келген жақын туыстарымен бірге өз елдеріне жол тартты. 

Оларға Маңғыстау облыстық ауруханасында тиісті медициналық көмек көрсетілді. Бүгінде үш азаматтың да жағдайы тұрақты.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының жансақтау бөлімінде ұшақ апатынан зардап шеккен үш әзірбайжандық азамат ем қабылдауда.

Айта кетейік, апат себебін анықтау мақсатында Ақтауда Үкіметтік комиссия жұмысын жалғастыруда.

Қазір оқып жатыр

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті

Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады