Ақтау қаласының прокуроры ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 78 640 теңге айыппұл төледі

Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Әбдіров ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 78 640 теңге айыппұл төледі.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетейік, Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Әбдіров масаң күйде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Алматы әуежайында ұсталған болатын.

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы соттың қаулысын заңсыз әрі негізсіз деп танып, күшін жойды.

«Апелляциялық сот қарауында 2025 жылдың 27 тамызында сағат 23:00-де Ә. Алматы–Астана бағыты бойынша №КС-955 рейсін орындаған автобустың ішінде жолаушыларға тиісіп, қорлап, қоғамдық тәртіпті бұзғаны расталды», – делінген сот хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті