28 декабря 2024 г. 14:51

Ақтау қаласына Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығының өкілдері ұшып келді

Фото: Көлік министрлігі

28 желтоқсанда Ақтау қаласына Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) өкілдері ұшып келді.

Алматы, NEGE. Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның штабында жиналыс өтті, онда бірлескен міндеттер айқындалды.

Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) – азаматтық авиацияда орын алған авиациялық оқиғаларды тергеумен айналысатын уәкілетті орган.