Ақсуатқа гуманитарлық көмек жеткізілді

Абай облысының Ақсуат ауданына тікұшақпен азық-түлік және дәрі-дәрмек жеткізілді. Бұл жайында облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Абай облысы әкімдігі

Алматы, NEGE. Тікұшақпен гуманитарлық көмек Кіндікті, Үштөбе, Қызылкесік ауылдарына жеткізілді.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындармен кездесу өтті.

Кіндікті ауылына 40 қап ұн, 50 кг май, 300 кг макарон және дәрі-дәрмек, ал Үштөбе ауылына 40 қап ұн, 300 кг макарон және май, қант және басқа да қажетті заттар жеткізілді.

Еске сала кетейік, Абай облысында кейінгі күндері тасқын су талайдың мазасын қашырды.

Жер жібіп қатып, дамбылар мен елді мекендерді қызыл су басты.

Аягөз және Ақсуат аудандарында қауіпсіздік мақсатында тұрғындар арнайы дайындалған эвакуациялық пунктілерге көшірілген еді.

Қазір оқып жатыр

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Мәскеу түбіндегі «Крокус сити холлдағы» теракт: айыпталушыларға үкім шықты