«Ақсу» ФК бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

Марат Еслямовтің еңбек келісімінің мерзімі аяқталды.

Алматы, NEGE. Команданың баспасөз қызметі хабарлағандай, «Ақсу» футбол клубы Марат Еслямовқа бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тіледі.

«Бұл жаттықтырушы Бірінші лигада алтын медаль жеңіп алып, өз есімін клубымыздың тарихына мәңгілікке жазып қалдырды», - делінген ФК хабарламасында.

Жаттықтырушылар штабының алдағы барлық өзгерістері туралы қосымша хабарланатын болады. Еске сала кетейік, бұған дейін «Ақсу» ФК Қазақстан Премьер-Лигасына жолдама алған болатын.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр