Ақшұқыр ауылының жұмыссыз азаматтары да «West Oil» мекемесіне жұмысқа орналастыруды талап етті

Бүгін, 23 ақпан күні Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылының жұмыссыз тұрғындары да бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

mangystaumedia.kz

Алматы, NEGE. Олар West Oil компаниясында босаған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды талап етуде.

Естеріңізге сала кетейік, 21 ақпан күні «West Oil» компаниясының басшылары жұмысшылардың ұзақ мерзімді заңсыз ереуілі 900 млн теңге шығын әкелгенін және ереуілшілер жұмысқа шықпаса, 24 ақпаннан бастап жұмыстан шығара бастайтынын мәлімдеген болатын.

Мәлімдемеден кейін 94 қызметкер жұмыстарына қайта оралды. Басшылық егер ереуілшілер райынан қайтпаған жағдайда, олардың орнына жұмыссыз тұрғындарды қабылдайтындарын айтты.

Осыған дейін әлеуметтік желіде Жетібай және Құрық ауылдарының жұмыссыз тұрғындарының да «Westoil Software» ЖШС босаған орындарға жұмысқа орналастыруды талап еткен бірнеше бейнеүндеуі жарияланған болатын.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр