АҚШ-тың Нью-Йорк штатында соңғы 40 жылда болмаған жер сілкінісі тіркелді

Нью-Йорк штатының солтүстік-батысында магнитудасы 3,8 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлады NBC.

Алматы, NEGE. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11.15-те Уэст-Сенека қаласынан шығысқа қарай екі шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген.

Әзірге зардап шеккендер мен апатты жағдайлар туралы мәлімет жоқ.

Сейсмологтар жер сілкінісінің тіпті Ниагара сарқырамасында да сезілгенін атап өтті.

«3,8 балдық жер сілкінісі болды. Бұл соңғы 40 жылда болмаған жер сілкінісі», - деп хабарлады телеарна.

Қазір оқып жатыр

Еуразиялық қаржы компаниясы 28,4 млрд теңге дивиденд төлейді

Павлодарда екі мың мұғалімнің мекенжайы мен телефон нөмірі тарап кеткен

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады

Назарбаев университеті пәтерінде табылған қару-жарақ: қылмыстық іс қозғалды