АҚШ-тың мемлекеттік қызметкері қамшымен кімді қорқытқан?

АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің ішкі қызметі қоластындағы қызметкерлерді қорқытқан хаттаманың бұрынғы жетекшісіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды The Washington Post сайты. Бір қызығы заңсыздық танытқан басшы «қазақтың қамшысымен сабаймын» деп қорқытқан.

Алматы, NEGE. Материалда АҚШ-тың Мемлекеттік департаментіне қарасты хаттама басқармасының бұрынғы жетекшісі Шон Лоулер туралы жазылған. Оның қоластында жұмыс істеген қызметкерлер арыз түсіргеннен кейін тергеу шаралары басталды. Мамыр айында тергеудің есебі шықты. Оған сәйкес, Шон Лоулер қызметтік этиканы сақтамаған. Жұмыс кезінде қызметкерлердің намысына тиетін сөздер айтып, дауыс көтерген. Тіпті, адамды қорқытатын әрекет жасапты. 

«Лоулер мырза қызуқанды болған, қағаздар мен папкаларды лақтырған кездері аз емес. Бірнеше қызметкер оның кеңседе қамшы сілтеп жүргенін жеткізіп, зардап шегіп қаламыз деп қорықты», – делінген тергеу есебінде.

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылы Лоулер хаттама басшысы қызметінен босатылды. Ал маусым айында бюрода болған тәртіпбұзушылықтар жайында белгілі болды. Сол кезде Лоулердің кеңседе қамшы ұстап жүргені де жазылды. Баяндамада қамшыға қатысты деректер көрсетілген.

«Қамшыны Лоулерге Қазақстаннан келген делегация сыйға тартқан екен. Хендерсон мен Фишердің айтуынша, бұл қамшы атқа мініп жүруге арналған», – делінген The Washington Post мақаласында. 

Бюродағы бір қызметкер Хендерсонға қамшыға қатысты шағым де түсірген. Сол кезде ол қамшыны өз кабинетіне апарып қойған және Лоулерге оны ұстап жүруге болмайтынын жеткізді.        

АҚШ Мемлекеттік департаменті баяндамада көрсетілген уәждермен келіскен жоқ.

 

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты