АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Қытай лагерьлеріндегі қазақтар мәселесін көтерді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео  Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен жүргізген келіссөз барысында адам саудасы және Қытайдың Шыңжаң аймағындағы лагерьлерде отырған қазақтар мен мұсылман ұлты өкілдерінің жағдайын да талқылаған.

Алматы,NEGE. Майк Помпео адамның негізгі құқықтарын қорғауға қауқарлы болуы кез келген ұлттың рухының қандай екенін көрсететінін айтты.

«АҚШ барлық елді Қытайдағы репрессияларды тоқтатуды талап етуге қосылуды шақырады».- деген Помпео Қытайдан бас сауғалағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үндеді.

Бұған дейін көрші елден қашып келген Сайрагүл Сауытбай Қытайдағы аз ұлттарға жасалатын қысым туралы мәлімдеген соң, сотқа тартылып, ақырында оны отбасымен бірге босқын ретінде Швеция мемлекеті қабылдаған еді.  

Қазір Атажұртына пана іздеп қашып келген Қытайда тұратын Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсақан есімді екі азаматтың ісі сотта қаралуда.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті