АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Қазақстанды америкалық компаниялармен дос болуға шақырды
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанның кіммен әріптес болуды өзі таңдау құқығын толық қолдайтынын мәлімдеді. Дегенмен америкалық компаниялармен әріптестік орнату кез келген ел үшін аса пайдалы екенін жеткізді.
Алматы, NEGE. Майк Помпео Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен жүргізген келіссөздерден соң: «Біз Қазақстанның кез келген елмен іскерлік қарым-қатынас жасаудағы таңдау еркіндігін қолдаймыз, бірақ мен барлық мемлекет үшін америкалық компаниялармен әріптестіктің ең жақсы нәтиже беретініне сенімдімін. Мұндай келісімдер жұмыс орындарын ашады және келісімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді», - деді.
Қазақстанның сыртқы істер министрі келіссөз кезінде АҚШ-тың санкциялық саясаты жағдайында Қазақстанның экономикалық өсу мәселелері сөз болғанын мәлімдеді. Министр АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті санкциялардың Қазақстанның заңды және жеке тұлғаларына зияны тиіп кетпеу жағынан қолдау көрсетуге уәде еткенін де жария етті.