АҚШ-тың экс-президенті ауруханаға түсті
АҚШ-тың көзі тірі бұрынғы президенттерінің ішіндегі ең жасы үлкені Джимми Картер басының қанқысымы көтеріліп кетуіне байланысты Атлантадағы ауруханалардың біріне орналастырылды.
Алматы, NEGE. Дәрігерлердің айтуынша, бірнеше апта бұрын Джорджия штатындағы үйінде жүріп құлаған кезінде оның ми қантамырлары жарылып кеткен.
95 жастағы Картермен бірге ауруханада оның зайыбы – 92 жастағы Розалин Картер жатқан көрінеді.