АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қамауға алынды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Нью-Йоркте ресми түрде қамауға алынды..

Алматы, NEGE. Дональд Трамп сот ресми түрде қылмыстық іс қозғаған АҚШ тарихындағы алғашқы экс-президент болды. Оған қарсы бірқатар тергеудің бірі –порножұлдыз Сторми Дэниэлске (шын аты - Стефани Клиффордс) пара беруімен байланысты.

Тұтқындау кезінде экс-президенттің саусақ ізі алынады. Содан кейін ол сот отырысы өтетін сот залына жеткізіледі. Трамп қамауға алынғаннан кейін қолына кісен салынбайды, өйткені ол үнемі құқық қорғау органдарының қорғауында.

Саясаткер Нью-Йорктегі үлкен қазылар алқасының өзін айыптау туралы шешімін "тарихтағы ең жоғары деңгейде саяси қудалау және сайлауға араласу" деп атады. Бұған дейін хабарланғандай, Трампқа қатысты барлық 34 айып тағы да қылмыстық санатқа ауыстырылған.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті