АҚШ-тың бірінші ханымы Джилл Байден коронавирус жұқтырды

АҚШ-тың бірінші ханымы Джилл Байден коронавирус жұқтырды, деп хабарлады Ақ үйдің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «Ол қазір аурудың жеңіл белгілерімен ауырып жатыр. Джилл Байден Делавэрдегі Рехобот-Бичтегі үйінде емделеді», - деді бірінші ханымның баспасөз хатшысы Элизабет Александр.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьердің айтуынша, Джилл Байденнен коронавирус анықталғаннан кейін күйеуі президент Джо Байден де COVID-19 тестінен өткен. Президентте коронавирус белгілері анықталмады. 

Жан-Пьер осы аптада Байденнің жүйелі түрде коронавирусқа тест тапсырып отыратынын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті