АҚШ-тың 44 штатында коронавирус жұқтыру көбейді
АҚШ-та коронавирус қайта өршіді. NBC телеарнасының хабарлауынша, кемі 44 штатта вирус жұқтыру дерегі күрт көбейген.
Алматы, NEGE. Ауруханаға түскендер де жетерлік. Ахуалдың ушығуына омикронның BA.2 деп аталатын түрі түрткі болған көрінеді. Қазір қауіпті инфекциядан зардап шегіп отырған аймақ – Монтана штаты. Мұнда екі аптада өлім-жітім көрсеткіші 8 есе артқан. Жергілікті БАҚ өкілдері таратып жатқан ақпар бойынша, коронавирустан қайтыс болу деректері тағы 16 штатта да айтарлықтай артқан. Бүгінге дейін америкалықтардың 77 проценті ковидке қарсы вакцинаның кемі бір дозасын алған. Бұл шамамен 258 миллион адам.