АҚШ-тағы сайлауда Байден алда келеді

Елдегі президенттік сайлау 3 қарашада өткенімен оның қорытындысы әлі жарияланған жоқ.

Алматы, NEGE. Себебі бірнеше штатта дауыс санау әлі де жалғасып жатыр. Соңғы ақпарат бойынша қазір Джорджия, Невада және Пенсильвания штаттарында Джо Байден алда келеді. Бұған дейін осы өңірлердің екеуінде Дональд Трампқа қолдау көрсеткендердің қатары басым болған еді. Қазір Ақ үй басшысы тек Солтүстік Каролина штатында сәл ғана басымдықпен алда келеді. 264 дауысқа ие болған Джо Байденге толық жеңіс үшін 6 ұпай жетпей тұр. Айта кетейік, саяси дода жеңіске жету үшін үміткерлердің бірі 270 дауыс жинауы тиіс.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған