АҚШ-та медициналық орталықта атыс болды

АҚШ-тың Оклахома штатындағы медициналық орталықтың бірінде атыс болып, 4 адам көз жұмды.

Алматы, NEGE. Тағы бірнеше кісі жарақат алған. Оқиға Талса қаласындағы Әулие Франциск кампусында болған. Адамдарға кімнің оқ атқаны және оқиғаның қалай өрбігені әлі белгісіз. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, полицейлер күдіктіні атып өлтірген. Бірақ кей ақпарға қарағанда қылмыскер өзін-өзі атқан. Қазір ғимарат қоршалып, тергеу жүріп жатыр. Айта кетейік, өткен сейсенбі күні Техастың Ювалде қаласындағы мектепте атыс болып, 18 оқушы мен үш мұғалім көз жұмған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Тоқаев Президент Әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебайдың жұмысына баға берді

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді